41 қысқа бейнесабақ - алғашқы әріптен тәжуид ережелеріне дейін. Күніне бар болғаны 6 сабақ, әр сабақ бірнеше минут қана. Бір аптада барлық әріптерді, харакаттарды және нун, мим, қалқала, мәд ережелерін меңгересіз.

Қарапайым бейнесабақта ұстаз тек өзі сөйлейді. BeeApp-та ұстаз сізді күтеді: бейне тоқтап, әріпті немесе сөзді дауыстап сөйлеуіңізді сұрайды. Жасанды интеллект сөйлегеніңізді тыңдайды - дұрыс болса, сабақ әрі қарай жалғасады, қате болса, ұстаз сөзді қайта естіртеді.
Сіз тек көріп қоймайсыз: сөйлеп, қайталап, есте сақтап үйренесіз.

Ұстаз әріпті дауыстап сөйлеуіңізді сұрайды.
Телефон бірнеше секунд тыңдайды.
Дұрыс болса - әрі қарай. Қате болса - ұстаз қайта естіртеді.
Қысқа сұрақтар: сөз қалай оқылады, ұстаз қай сөзді айтты. Дұрыс жауаптар, үздіксіз streak және сабақтар картасындағы жолыңыз - бәрі көз алдыңызда.

ٱقۡرَأۡ بِٱسۡمِ رَبِّكَ ٱلَّذِي خَلَقَ
Жаратқан Раббыңның атымен оқы.
«Алақ» сүресі, 1-аят
114 сүре анық Османи жазуымен және Халифа Алтайдың қазақша аудармасымен. Кез келген сөзді басыңыз - оның айтылуын тыңдап, транскрипциясын және аяттың аудармасын көресіз. Тоқтаған жеріңізден жалғастырып, әр күнді бір аятпен бастаңыз.


Қосымша толығымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
Күн аяты және «оқуды жалғастыру» - басты экранда.